Навигация

Баннеры

Видеотека

Антикоррупционная политика

Антикоррупционная политика

Почта


Показатели работы

Информация
управления по инспекции труда Алматинской области о проделанной работе на 1 полугодие 2016 года
 
 
Управлением по инспекции труда области проведено 170 внеплановых (по жалобам и заявлениям граждан, органов надзора) проверок подконтрольных организаций.
В целом по области, в ходе проверок было выявлено - 294 нарушения, в том числе:
- по трудовым отношениям - 187;
- по безопасности и охране труда – 75;
- по занятости населения – 32.
Наиболее распространенными нарушениями трудового законодательства продолжают оставаться - использование труда работников без заключения трудовых договоров, несоответствие их содержания и превышение нормы законодательно установленного рабочего времени.
По состоянию на 1 июля 2016 года на территории Алматинской области трудовых конфликтов и задолженностей по заработной плате перед работниками не было.
За 1 полугодие текущего года в организациях области произошло 12 несчастных случаев на производстве, где пострадало 18 человек, из общего числа которых – 3 человека с летальным исходом, 9 человек получили травмы тяжелой степени, остальные 6 человек травмы средней и легкой степени тяжести.
Основными причинами произошедших несчастных случаев явились:
- неудовлетворительная организация производства работ;
- грубая неосторожность пострадавшего.
За отчетный период привлечены к административной ответственности 159 должностных и юридических лиц, сумма наложенных административных штрафов составила 9 756 600 тенге.
По состоянию на 1 июля 2016 года по области было зарегистрировано 6886 коллективных договоров, охват действием коллективных договоров сохранился на уровне 68,5% от всех действующих организаций.
Работы в данном направлении продолжаются.
 
 

Алматы облысының дағдарысқа қарсы штабы отырысының
№ 1 ХАТТАМАСЫ
Талдықорған қ. 25 наурыз 2016 ж.
 
Штаб төрағасы - облыс әкімінің бірінші орынбасары М.С.Бигелдиев
Қатысқандар: Аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, облыстық басқарма басшылары, облыстық өңірлік кәсіпкерлер палатасының мүшелері, облыстық кәсіподақ ұйымының басшылары.
Дағдарысқа қарсы штаботырысында Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары М.С.Бигелдиев төрағалық етті. Төраға қатысушыларға әлеуметтік маңызды тақырыптар қатарында өңірдегі еңбек қатынастарының жағдайы, әлеуметтік-еңбек шиеленістерінің туындауын болдырмау, жұмыс орындарын қысқартпау және өндірісті тұрақтандыру мәселелерін тыңдау да қарастырылғанын айта келе, күн тәртібімен таныстырды.
 
КҮН ТӘРТІБІ :
1. Облыс бойынша еңбек қатынастарының жағдайы туралы.
 
Баяндамашы:
Қонақбаев Айбек Сапарбекұлы - еңбек инспекциясы бойынша басқармасының басшысы.
Қосымша баяндамашылар:
Байтаева Күлпәш Ізмұханқызы - Қаратал ауданы әкімінің орынбасары.
Байжумин Данияр Ануарбекұлы - «МК «KazSilicon» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының орынбасары.
 
2.Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек кодексін түсіндіру және халыққа жеткізу бойынша атқарылған жұмыстар туралы.
Баяндамашы:
Қонақбаев Айбек Сапарбекұлы - еңбек инспекциясы бойынша басқармасының басшысы.
3. Алматы облысы бойынша Кәсіпкерлер палатасының атқарған жұмыстары туралы.
Баяндамашы:
Чинкисбаева Ләззат Алтынбекқызы – Кәсіпкерлер палатасының директоры.
 
Төрағалық етуші Махаббат Бигелдиев дағдарысқа қарсы штаб отырысын аша отырып, әлеуметтік-еңбек қатынастарының тұрақтылығын қамтамасыз етуге, сонымен қатар, облыстың еңбек ұжымдарында әлеуметтік шиеленіске жол бермеуге мүмкіндік беретініне тоқталып өтті.
Күн тәртібіндегі бірінші және екінші мәселелер бойынша сөз еңбек инспекциясы бойынша басқармасының басшысы А.Қонақбаевқаберілді.
Ол өз кезегінде облыс бойынша еңбек қатынастарының жағдайы туралы айтып өтті:
2015 жылы еңбек инспекциясы бойынша басқармасы облыс мекемелерінде 586 тексеру жүргізді.
Қабылданған шаралар нәтижесінде 2015 жылдың басынан жалақы берешегі жөнінде 80 мекеме тексеріліп, 976 адамның алдында 114,6 млн. теңге жалақы қарыздары өтелді.
Әлеуметтік шиеленісушілікті және еңбек жанжалдарының туындау қатерін айқындау өлшемдеріне сәйкес, шиеленіске алып келу қаупі бар кәсіпорындар айқындалды. Олар:
- «САФ» шыны жасау компаниясы» акционерлік қоғамының 20 адамы ақысыз демалысқа жіберілді;
- «ЮгПищеПром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 56 адамы ақысыз демалысқа жіберілді;
- «Энерго Рэм» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 38 адамы толық емес кестемен жұмыс атқаруда;
- «МК KazSilicon» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде кәсіпорынның тоқтап тұруына байланысты 227 адам уақытша жұмыспен қамтылмаған.
Панфилов ауданында құрғақ порт салу бойынша тартылған қосалқы мердігерлік ұйымдар катаң назарға алынған болатын. Сол портта жұмыс атқарған «МО-1», «Жан, Торе», «Аяз», «КТК service» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің мекенжайы Алматы қаласында орналасқандықтан, Алматы қаласының прокуратурасы мен еңбек инспекциясымен тиісті жұмыстар атқарылды.
Қабылданған шаралар нәтижесінде 2016 жылы облыс аумағында еңбек даулары орын алған фактілер тіркелген жоқ және мекемелердің жұмысшылар алдында жалақыға қарыздары жоқ, алайда ағымдағы жалақыға қарыздарын төлемегені жөніндегі арыз-шағымдар күнделікті қарастырылып, шара қолданылып жатыр.
Сонымен қатар, банкротқа ұшыраған 6 мекеменің жалақыға қарыз мөлшері 84 адамның алдында 40,8 млн. теңгені құрайды.Олар:
«Glotur» АҚ (12 қызметкерке 3,7 млн. теңге), «Адани» (8 қызметкерке 3,2 млн. теңге), «Маис - Агро» (2 қызметкерке 2,4 млн. теңге), «Контакт Тур» (43 қызметкерке 23,9 млн. теңге), «GS CONSTRUCTION» (11 қызметкерге 9,0 млн. теңге), «Сим энерго» (5 қызметкерге қарыз мөлшері 0,6 млн. теңге) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері.
Қазіргі уақытта тиісті шаралар қабылдануда.
Облыс бойынша тексеру барысында 1684 заң бұзушылық орын алып, оның 1045-і еңбек қатынастары туралы, 584-і еңбек қауіпсіздігі, 55-і жұмыспен қамту туралы.
Оның ішінде жиі қайталанатыны - еңбек шартсыз жұмысқа қабылдау, жалақыны уақытында төлемеу, жұмыс уақытының қалыптылығын және еңбек қауіпсіздігін сақтамау болып табылады. Нәтижесінде, әкімшілік құқықтық жауапкершілікке облыс бойынша 522 жеке және заңды тұлғалар тартылып, 15806450 теңгеге айыппұл салынды.
2015 жылы облыс кәсіпорындарында өндіріске байланысты 53 жазатайым оқиғалары болды (2014 жылы – 45 жазатайым оқиға), осыған орай 63 адам зардап шегіп (2014 жылы – 63 адам), оның ішінде 16 адам қаза тапса (2014 ж. – 16 адам), 44 адам ауыр жарақат алды (2014 жылы- 28 адам), қалған 3 адам жеңіл және орта мөлшерде жарақат алды (2014 жылы-19 адам).
Облыста өндірістік процестерді тұрақтандыру, қызметкерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету, жұмыстан босатылатын қызметкерлерді әлеуметтік қорғау және жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы жеке меншік нысанды кәсіпорындармен меморандумдар бекіту жұмыстары жалғасуда.
 
Еңбек инспекциясы бойынша басқармасының басшысы А. Қонақбаев күн тәртібіндегі екінші мәселесі - Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек кодексін түсіндіру және халыққа жеткізу бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек Кодексін түсіндіру және халыққа жеткізу бойынша бекітілген іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында облыстың аудан, қала әкімдіктері, өңірлік кәсіпкерлер палатасы (келісім бойынша), аумақтық кәсіподақтар бірлестіктері (келісім бойынша) және еңбек инспекциясы тартылды.
Алматы облысы бойынша еңбек инспекциясы күшімен 2016 жылдың 1 ақпанына 287 мекемеде (54 ірі, 147 орта және 86 шағын) жаңа Еңбек Кодексін түсіндіру және халыққа жеткізу бойынша семинар кеңестер өткізіліп, БАҚ арқылы 12 мақала жарияланды. Сонымен қатар, «Жетісу» телеарнасы арқылы 2 түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Бүгінгі күндері жаңа Еңбек Кодексін түсіндіру жұмыстары жалғасын табуда.
 
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша қосымша сөз сөйлеуші Қаратал ауданы әкімінің орынбасары Байтаева Күлпәш Ізмұханқызыеңбек қатынастарын реттеу жөнінде атқарған жұмыстарын айтып өтіп, «МК KazSilicon» ЖШС-на қатысты толығырақ тоқталып өтті.
«МК KazSilicon» ЖШС 2015 жылдың мамыр-маусым, тамыз-қыркүйек аралығында және қазан айынан бастап жоспарлы жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты жұмысын уақытша тоқтатып, бүгінге дейін іске қосылмауда. Осыған орай, кәсіпорынның 224 қызметкері ақысыз еңбек демалысына жіберілді.
Осыған байланысты, «Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ басқармасының төрағасы А.Қ. Жұмағалиевке хат жолданып, жалақы және салық бойынша қарыздарын өтеу және кәсіпорынды жаңдандыру мәселелерін қарастыру сұралды (19.01.2016 ж. №78-01-78/32).
«Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ-ның жауабына сәйкес, серіктестіктің басшылығы қоймадағы қорларды өткізу және мониторинг, маркетинг, жұмыскерлерге жалақы төлеу, дебиторлық берешекті өндіру және басқа да іс-шараларды қамтитын дағдарысты ахуалды тұрақтандыру бойынша Қысқа мерзімді іс-шаралар жоспарын бекітті.
Орын алған жағдайларды шешу және кәсіпорынды іске қосу мақсатында, «Тау-Кен Темір» ЖШС-мен кварц өндірісі бойынша 20,0 мың тонна мамыр айына дейін жөнелту бойынша шарт жасасқан. Оның бүгінгі күнге 10 тоннасы жіберілді. Алдағы уақытта да осындай келісім шарт жасалу жоспарлануда. (2015 жылы 782,9 млн. теңгеге 866,0 тонна кремний өндірілді немесе 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 131,2 тоннаға және 151,9 млн.теңгеге азайған.)
Бүгінгі күнге кәсіпорын қызметкерлерінің жалақы бойынша қарыздарын толығымен төленген. (Бүгінгі күніне кәсіпорынның 302 жұмысшының 224 қызметкері уақытша демалысқа жіберіліп, жыл басынан 15 қызметкер өз еркімен жұмысынан босатылды, 63 қызметкер жұмыс атқаруда).
Осы мәселе бойынша қосымша сөз «МК «KazSilicon» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының орынбасары Д. Байжуминге берілді.
Ол өз есебінде аталған кәсіпорында жұмыстың екі бағытта (металлургиялық кремний, өзекті кварц өндіру мен қайта өңдеу) жүргізілітінін айтып өтті.
Штат саны 353 адамды құрайды.
Сонымен қатар, өндіріс қуатының тоқтау себептеріне тоқталып өтті: кремнийге әлемдік бағаның түсуі, өнімнің өзіндік құнының жоғарылығы, шикізат пен өзге де шығындардың қымбаттығы, т.б.
2015 жылдың аяғынан қазіргі уақытқа дейін серіктестік басшылығы аталған мәселелерді шешу үшін бар күшін салуда.
Бүгінгі күні еңбекақы бойынша қызметкерлер алдында берешек жоқ.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша сөз сөйлеуші, Кәсіпкерлер палатасының директоры Л. Чинкисбаева өз баяндамасында есепті кезеңде Кәсіпкерлер палатасымен атқарылған жұмыстарды айтып өтті.
Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында және облыс өңірлерінде қызмет көрсетудің қол жетімділігін жүзеге асыру мақсатында әр аудан, қалада кәсіпкерлерді сервистік қолдау қонсультациялары ұйымдастырылған.
2015 жылы Кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренерлерімен 1188 өтініш беруші оқытылған.
Комиссия отырысын қорытындылай келе, М. Бигелдиев әлеуметтік-еңбек қатынастарының реттеу аясында жұмыстарды одан әрі жалғастыруды міндеттей отырып, қорытындысын шығаруды ұсынды.
Айтылған пікірлер мен ұсыныстар ескеріле отырып, отырыс шешімі қабылданды.
 
Облыстық дағдарысқа қарсы штабының ШЕШІМІ:
Әлеуметтік-еңбек шиеленістерінің туындауын болдырмау мақсатында:
- әлеуметтік шиеленіс картасының негізінде еңбек жанжалдарының туындау қатеріне тұрақты мониторинг жүргізіліп, бақылау күшейтілсін;
- өндірістік процестерді тұрақтандыру, қызметкерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету, жұмыстан босатылатын қызметкерлерді әлеуметтік қорғау және жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы жеке меншік нысанды кәсіпорындармен меморандумдар бекіту жұмыстарының орындалуына мониторинг жалғастырылып, тұрақты түрде бақылауға алынсын;
- еңбек қауіпсіздігін сақтамаған, жазатайым оқиғалардың өсуіне жол берген жұмыс берушілерге шара қолданылсын;
- тиісті органдармен бірлесе отырып, еңбекақының уақытылы төленуіне мониторинг жалғастырылып, бақылау жүргізілсін;
- тиісті органдар бірлесе отырып, ұжымдық шарттарды бекіту жөніндегі жұмыстарды белсенді түрде жалғастырсын;
- еңбек даулары не еңбек дауларының туындауы мүмкін жағдайларда шұғыл түрде отырыс өткізу қамтамасыз етілсін;
- еңбекақыға қарыздары бар банкротқа ұшыраған «Glotur» акционерлік қоғамы мен «Сим Энерго» (Талдықорған қаласы), «Маис - Агро» (Еңбекшіқазақ ауданы), «Адани» және «GS CONSTRUCTION» (Жамбыл ауданы), «Контакт Тур» (Талғар ауданы) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріндегі берешекті жабу мәселесі қаралсын;
- Қазақстан Республикасының жаңа Ең­бек Кодексінің негіздерін түсіндіру жұмыстары жалғастырылсын.
 
 
Штабтың төрағасы                                М. Бигелдиев
Хатшысы                                                Б. Данияров
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2017. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.