Навигация

Почта

Опросы

Имелся ли факт нарушения Ваших трудовых прав со стороны работодателя?

Да, имелся
Нет, не имелся


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 16

Баннеры

Объявления

Объявление

Категория: Объявления
Дата: 15.11.2018
Просмотры: 181 Печать страницы

Алматы облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы, «Мемлекеттік сақтандыру қоры» АҚ (бұдан әрі- Қор) 2018 жылдың 3-тоқсанында Қорға Алматы облысының төлеушілерінен міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің 324 340 қатысушылары үшін 2 748, 2 млн. тенге әлеуметтік аударымдар түскен.

Осы кезенде Қордың қаражатының өңірдегі 42 786 алушыға 4 283,6 млн.тенге сомаға әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды, оның ішінде:

* еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайына – 5 134 адамға;

* асыраушысынан айырылуына – 3 612 адамға;

* жұмысынан айырылуына - 940 адамға;

* жүктілігіне және босануына байланысты - 5 676 адамға;

* бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жағдайға – 27 424 адамға;

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қаржы ресурстары жұмыс берушілердің және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың төлеген әлеуметтік аударымдары есебінен қалыптастырылады.

Жұмыскерлер үшін әлеуметтік аударымдар ҚР заңнамасымен белгіленген мерзімде төленуі қажет, ал әлеуметтік қатер туындаған жағдайда Қордың оларға тиісті әлеуметтік төлемдерді уақытылы және толық көлемде тағайындауға мүмкіндігі болуы керек.

Сонымен бірге, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылдың соңғы тоқсанында Алматы облысы бойынша берешектері бар төлеушілер саны 0,8% өсті және 5863 төлеушіні құрады.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.