Навигация

Информация

Баннеры

Объявления

Объявление

Категория: Объявления
Дата: 30.04.2018
Просмотры: 246 Печать страницы

Алматы облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы, «Мемлекеттік сақтандыру қоры» АҚ (бұдан әрі- Қор) 2018 жылдың 1-тоқсанында Қорға Алматы облысының төлеушілерінен міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің 308 846 қатысушылары үшін 3 151,5 млн. тенге әлеуметтік аударымдар түскен.

Осы кезенде Қордың қаражатының өңірдегі 41 245 алушыға 3 886,0 млн.тенге сомаға әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды, оның ішінде:

  • еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайына – 5 153 адамға;
  • асыраушысынан айырылуына – 3 153 адамға;
  • жұмысынан айырылуына - 608 адамға;
  • жүктілігіне және босануына байланысты - 5 432 адамға;
  • бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жағдайға – 26 535 адамға;

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қаржы ресурстары жұмыс берушілердің және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың төлеген әлеуметтік аударымдары есебінен қалыптастырылады.

Жұмыскерлер үшін әлеуметтік аударымдар ҚР заңнамасымен белгіленген мерзімде төленуі қажет, ал әлеуметтік қатер туындаған жағдайда Қордың оларға тиісті әлеуметтік төлемдерді уақытылы және толық көлемде тағайындауға мүмкіндігі болуы керек.

Сонымен бірге, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпаратына сәйкес, 2018 жылдың 1 сәуіріндегі жағдайға Алматы облысынан 7 906 төлеушінің 59,4 млн.тенге берешегі бар, оның ішінде – негізгі берешек – 41,1 млн.тенге, өсімпұл – 18,3 млн.тенге.

Жылдың басында пайда болған берешектер көрсеткішімен салыстырғанда, берешек соммалары 4% төмендеген.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.